Пентагон Әбу Хани әл-Мысридің Сирияда өлтірілгенін жариялады

Әл-каида террористтерін нысанаға алған АҚШ соғыс ұшақтары 11 террористтің өлтірілгенін мәлімдеді.

668565
Пентагон Әбу Хани әл-Мысридің Сирияда өлтірілгенін жариялады

АҚШ соғыс ұшақтарының Сирияның Идлиб қаласында террор ұйымы Әл-каидаға тиесілі екені алға тартылған ғимаратқа жасалған шабуылда 11 террорист өлтірілді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джефф Дэвис жасаған жазбаша мәлімдемеде 3-4 ақпан күндері террор ұйымы Әл-каиданың жиналыс орталығы екені алға тартылған бір ғимаратқа екі әуе шабуылы жасағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде әуе шабуылдарында араларында террор ұйымы Әл-каида басшыларының бірі екені алға тартылған Әбу Хани әл-Мысриді де бар ұйым мүшесі 11 террористтің өлтірілгені атап көрсетілді.

Әл-Мысридің Айман әл-Зәвахири және Усама Бин Ладен сияқты террор ұйымы Әл-каида басшыларымен байланысы бар екені атап көрсетілді.

Дэвис мәлімдемесінде «Әл-Мысри мыңдаған террористті дайындап, жаттықтырды. Кейін Оларды әлемнің түкпір-түкпіріне жіберді. Ауғанстанда 1980 және 1990 жылдар арасында көптеген Әл-каида лагерінің құрылуы мен жұмыстануында роль атқарды. Ол тек қана жанкешті қолданған Мысыр Ислами Жихадының да құрушыларының бірі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар