Израиль армиясы Газа секторына шабуылдады

Израиль армиясы Газаның әртүрлі аймақтарына 14 әуе шабуылы жасады.

667036
Израиль армиясы Газа секторына шабуылдады

Газадағы Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израиль армиясының кешеден бері Газаға 14 шабуыл жасалғанын, 3 палестиналықтың жарақат алғанын, көптеген ғимараттың да материалды шығынға ұшырағанын атап көрсетті.

Хамас қозғалысынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильді шабуылдарына қарсы ескерту жасады. Мәлімдемеде оқиға асқынған жағдайда көтерілісшілердің қарсы шабуыл жасайтыны атап көрсетілді.

Израиль армия мәлімдемешісі Петер Лернерде шабуылдарды Израильдің Ашкелон қаласы маңына кеше азанғы уақытта жасалған зымыран шабуылын тойтару мақсатты жасалғанын білдірген болатын. Дегенмен зымыран шабуылын Газа секторындағы ешбір топ мойындамаған болатын.

Басқа жағынан Израиль әскерлері Газа секторында 2 палестиналықты тергеуге алды.

Израильде жарияланатын Йедиот Ахаронот газетінің интернет парақшасында орын алған хабарға қарағанда әскерлер Газаның орталығындағы шекарада 2 палестиналықты тергеуге алды. Тергеуге алу себебі жайлы мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар