ДАИШ мүшесі 13 террорист өлтірілді

Операцияда ДАИШ-ке тиесілі 256 нысан жойылды.

666022
ДАИШ мүшесі 13 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда. Операция барысында террор ұйымы ДАИШ мүшесі 13 террорист өлтірілді.

Бүгін Евфрат қалқаны операциясының 167-ші күні. Операцияда ДАИШ-ке тиесілі 256 нысан жойылды.

Сондай-ақ Түрік әуе күштеріне қарасты ұшақтар тарапынан Әл-Баб және  Зарзур аймақтарында анықталған ДАИШ-ке тиесілі 65 нысан да күйретілді.

Операцияда террористтер қолданған баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.

Әуе операциясында ДАИШ мүшесі 13 террорист өлтірілді және 8 террорист жарақат алды. 



Ұқсас жаңалықтар