Жер шары тұрғындары артады

Әлемдегі халық саны 2100 жылы 11,2 миллиардқа жетеді.

664974
Жер шары тұрғындары артады

Әлемдегі халық саны 2100 жылы 11,2 миллиардқа жетеді.

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда соңғы ғасырларда артқан әлем тұрғындары 1800 жылдары шамамен 1 миллиард, 1900 жылдары 1,5 миллиард болды.  2000 жылға қарай Жер шарын қоныстанушы саны 6,1 миллиардқа жетті.

БҰҰ-ның есептеуіне қарағанда,  әлем тұрғындарының саны 2017 жылы 7,5 миллиард болады.  бұл сан 2020 жылға қарай 7,7 миллиардқа, 2040 жылы 9,1 миллиардқа, 2060 жылы 10,1 миллиардқа, 2080 жылы болса 10,8 миллиардқа, 2100 жылы 11,2 миллиардқа жетеді.

Тұрғындар ең көп Африка құрлығында артады. 2100 жылы Африкада 4,3 миллиард адам болады деп есептелуде.  Азия құрлығында болса 2100 жылы халық саны 4,8 миллиардқа азаяды.

Назар аударатын басқа бір құрлық – Еуропа. Қазір халық саны 739 миллион болып тұрған Еуропаның тұрғын саны бара-бара азая түседі. Еуропада елу жылдан кейін халық саны 676 миллионға, 2100 жылға дейін 645 миллион болады.

2100 жылы халық саны ең көп артатын ел болса Үндістан. 2100 жылы Үндістанның тұрғын саны 1,6 миллиардтан асады.  Ал Қытайдағы адам саны 1 миллиардқа дейін азаяды.

БҰҰ әлемдегі тұрғын санының артуына адамдардың орташа өмірінің созылуын себеп ретінде көрсетіп отыр.

Әлемде адам өмірі орташа 2100 жылға дейін 80 жасқа дейін барады.



Ұқсас жаңалықтар