Женевада өткізілетін Сирия бейбіт келіссөздері кешіктірілді

Мистура Сирия бейбіт келіссөздерінің  20 ақпан күніне кешіктірілгенін жариялады.

663037
Женевада өткізілетін Сирия бейбіт келіссөздері кешіктірілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Швейцарияның Женева қаласында 8 ақпан күні өткізілетін Сирия бейбіт келіссөздерінің  20 ақпан күніне кешіктірілгенін жариялады.

Мистура келіссөздердің кешіктірілуі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне өтініш берген еді.

Сирияның Мәскеу өкілетті және төтенше елшісі Рияд Хаддад та Мистураның келіссөздердің ақпан айының аяғына қарай өткізілуі үшін өзімен ақылдасқанын айтқан болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Қазақстанның елордасы Астанада Түркия, Ресей және Иран басшылығында ұйымдастырылған Сирия бейбіт келіссөздерін қол жеткізген болымды табыстардың Женевада жалғасуы мүмкіндігін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар