Грекияға қашқан 8 төңкерісшінің тергеу мерзімі тағы 3 айға созылды

Афины әкімшілік соты мемлекеттік қауіп төндіру рискіне орай 8 төңкерісшіні еркін жіберу талабын қабылдамады.

663353
Грекияға қашқан 8 төңкерісшінің тергеу мерзімі тағы 3 айға созылды

Афины әкімшілік соты Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралельді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде төңкеріс әрекетіне қатысқан соң Грекияға қашқан 8 төңкерісшінің тергеу мерзімін тағы 3 айға созуға шешім қабылдады.

Афины әкімшілік соты саяси баспана процесі аяқталмайынша 8 төңкерісшіні еркін жіберу талабын қабылдамағанын жариялады.

Афины Полиция дирекциясы шетелдіктер бөлімшесі (GADA) соттан төңкерісшілердің бас сауғалау процестерінің жалғасқанын және мемлекеттік қауіп төндіру рискі туғызғанын алға тартып, тергеу мерзімдерін созу үшін арыз берген еді.

Дүйсенбі күні сотқа шығарылған 8 төңкерісші кезкелген бір қылмыс жасамағандарын алға тартып, еркін жіберілуді талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар