Германия канцлері 2 ақпан күні Түркияға келеді

Меркельдің күн тәртібінде босқын дағдарысы, террормен күресте ынтымақтастық және экономикалық тақырыптар бар.

659715
Германия канцлері 2 ақпан күні Түркияға келеді

Меркельдің күн тәртібінде босқын дағдарысының шешімі, аймақтық мәселелер, террормен күресте ынтымақтастық және экономикалық тақырыптар орын алады.

Меркель сапар аясында премьер-министр Бинали Йылдырыммен оңаша кездесіп, делегация аралық жиналыс өткізеді.

Меркель президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан да қабылданады.

Германияда қыркүйек айында өтетін жалпы халық сайлауында 4-ші рет үміткер болған Ангела Меркельдің маңызды күн тәртібі арасында босқын дағдарысының шешімі орын алады.

Сындарға қарамастан қазірге дейін босқындар үшін ашық есік саясатын алға тартқан, босқын дағдарысының тек қана Түркиямен ынтымақтастық аясында шешімін табатынын атап көрсеткен Меркель жалпы халық сайлауы алдында бұл саясатының табыстарын қоғамына көрсеткісі келеді.

Түркия әсіресе ПКК террор ұйымының Германиядағы жұмыстарының қыспаққа алынуын, ұйымның насихаттау және қаржы жұмыстарының алдын алынуын талап етеді.

Меркельдің Анкара сапары кезінде Германиядан жоғары деңгейдегі бір делегацияның байланыстары аясында  Түркия келіп, қауіпсіздік шараларын қолға алуы күтіледі.

Ішкі істер министрлігі кеңесшісі Др. Эмили Хабер басшылығындағы жоғары деңгейдегі делегацияның байланыстары аясында террормен күресте ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған қадамдардың қолға алынуы жоспарланады.

Түркия сондай-ақ Фетуллахшы террор ұйымының Германиядағы жұмыстарының тінтілуі мен 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Германияға қашқан ФЕТӨ мүшелерін ұстап беруді талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар