Франция Атазаңы соты армян қауесеттері жайлы шешім қабылдады
Сот 1915 жылғы оқиғалармен байланысты «кейбір қылмыстардың мойындалмауын айыптау» жөніндегі заңның тиісті үкімін алып тастады.
Франция Атазаңы соты 1915 жылғы оқиғаларға қатысты армян қауесеттерін де қамтитындай «кейбір қылмыстардың мойындалмауын айыптау» жөніндегі заңның тиісті үкімін бұзуға шешім қабылдады.
Шешімде өткен жылдың соңында заңдастырылған жобаның «қазіргі жек көруге ынталандырумен байланысты заңдарға қоса керек еместігі» атап көрсетілді.
Шешімде «Бұл заң жасалған кезде қылмысқа жатпайтын оқиғалар жайында пайымдауды жазалау жолын ашады. Сондай-ақ заң әдеттегідей тарихи пікірталастармен шешуге тиісті оқиғалар мен сөйлемдердің заңдылығы тақырыбында шатаққа айналады. Сондықтан бұл заң сөз еркіндігіне бағытталған шексіз және қажетсіз бір шабуыл болып табылады» делінді.
Заңның Ұлттық Мәжіліс және Сенаттан өтуі, Түркияның және Франциядағы түрік қоғамының наразылықтарына себеп болып, тиісті бап кейін бір Атазаң заңгері мен түрік қоғамдарының шағымдануымен нақты шешім органы ретінде Атазаң сотына апарылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бразилиядағы сел апатында 158 адам қаза тапты
Бразилияда Мемлекеттік азаматтық қорғаныс қызметі адам мен мүлік шығынына қатысты мәлімдеме жасады.
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.