АҚШ президенті БҰҰ-ға берген қаржы қолдауын қысқартпақ

Дональд Трамптың БҰҰ және басқа да халықаралық мекемелермен жасалған көп тұсты келісім-шарттарды жоятыны алға тартылды.

659630
АҚШ президенті БҰҰ-ға берген қаржы қолдауын қысқартпақ

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың БҰҰ мен басқа да халықаралық мекемелерге берген қаржы қолдауын кем дегенде 40 пайызға қысқартатыны және көп тұсты келісім-шарттарды жоятыны алға тартылды.

Нью-Йорк Таймс (New York Times) газетінің хабарына қарағанда Трамп қол қоятын жоба күйіндегі жарлық негізінде ережелерге сәйкес келмейтін БҰҰ мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдарға бөлінген қаржы қолдауын тоқтататыны атап көрсетілді.

Ережелер арасында Палестина және Палестина азаттық ұйымына толық мүшелік берген, бала түсіруді қолдаған және Иран мен Солтүстік Кореяға санкцияларға бөгет жасайтын жұмыстар мен бағдарламаларды қолдайтын ұйымдарға қаржы қолдауының жалғаспайтыны орын алады.

Трамптың жарлыққа қол қоюы және БҰҰ-на ең көп қаржы бөлетін елдер арасында АҚШ-тың қаржы қолдауын тоқтатуы, мекеменің жұмыстарына маңызды мөлшерде ықпал ететін көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар