Францияда ДАИШ-пен байланысы бар балалар саны 4 есе өскен

Францияда ДАИШ террор ұйымымен байланысы 18 жастан кішкентай балалардың саны 4 есе артты.

657901
Францияда ДАИШ-пен байланысы бар балалар саны 4 есе өскен

Францияда ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар екені алға тартылып тергеуге алынған 18 жастан кішкентай балалардың саны 4 есе артты.

Париж бас прокуратурасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кәміл жасқа толмаған бұл кісілердің саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе артып, 13-тен 51-ге өсті.

Аталмыш балалар арасында ДАИШ қатарында соғысу үшін Ирак пен Сирияға барғандар сияқты, бұл елдерге бармай тұрғанда француз органдары тарапынан тергеуге алынғандар да бар.

Париж прокуратурасының мәлімдемесінде 51 баланың 15-інің ДАИШ мүшесі француз азаматы Рашид Кассиммен тікелей байланыста екені атап көрсетілді.

Францияда ел көлемінде 112 әйел барлығы 1 мың 236 адам жайлы ДАИШ-ке мүше болу айыбымен заңдық процест басталды.



Ұқсас жаңалықтар