Сирияның кейбір аймақтарында бітім бұзылды

Асад режимі мен режимге қолдау берген шетелдік қарулы топтар бітімді қайта қайта бұзды.

657280
Сирияның кейбір аймақтарында бітім бұзылды

Қазақстанның Астана қаласында Түркия мен Ресей басшылығында жүзеге асқан Сирия тақырыпты жиналыс жалғасып жатқанда Башар Асад режимі мен қолдайтын шетелдік қарулы топтар атысты тоқтату бітімін бұзушылығын жалғастыруда.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Дамасктың Шығыс Гута және Чобар аймақтарында шетелдік қарулы күштер құрлық операцияларын жалғастырды.

Қаланың оңтүстігіндегі Дера қаласының Нева аймағы, Хама қаласының Сан аймағы мен Халебтің солтүстігіндегі Анадан, Хрейтан және Хаян аймақтары да әуе шабуылдарына ұшырады.

Асад режимінің Жерорта теңізі жағалауындағы қорғаны болған Лазкийедегі Күрд тауы аймағы болса құрлық пен әуеден жасалған шабуылдарда нысанаға алынды.

Ел көлемінде 30 желтоқсан күні басталған бітімге оппозиция атынан Түркия, режим атынан да Ресей кепіл болған еді.



Ұқсас жаңалықтар