Еуропадан ДАИШ террор ұйымына қазірге дейін 3 мың адам қосылды

Франция террормен күрес координация бөлімшесі лауазымдысы Лойс Гарниер мәлімдеме жасады.

654925
Еуропадан ДАИШ террор ұйымына қазірге дейін 3 мың адам қосылды

Француз «Le Figaro» газетінің хабарына қарағанда Франция террормен күрес координация бөлімшесі лауазымдысы Лойс Гарниер Еуроодақ елдерінен 3 мың адамның ДАИШ террор ұйымы қатарына қосылғанын атап айтты.

Гарниер Еуроодақ елдері арасында 700 адаммен ең көп Франциядан жауынгер барғанын білдірді.

Гарниер сондай-ақ ДАИШ-ке Франциядан қосылған 232 адамның да Сирия мен Иракта өлтірілгенін атап көрсетті.

Осыған қоса Сирия мен Ирактан Францияға кері оралғандар санының 200-ге жуық екені алға тартылады.

2015 жылы 7 қаңтар күні Францияда апталық әзіл-ысқақ журналы Шарли Эбдоның Париждегі офисіне жасалған шабуылда 12 адамның қаза тапқан болатын.

2015 жылы 13 қараша күні болса Париждің шығысындағы бір ресторанда және бір концерт залға жасалған екі бөлек қарулы шабуылда 130 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алған еді.

Ницца қаласында да өткен жылы 14 шілде күні Ұлттық күн мерекесі кезінде жасалған шабуылда 84 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар