Хамдулла Түркия мен Катарға алғыс айтты

Рами Хамдулла электр қиыншылықтарды шешуге жәрдем беретіні үшін Түркия мен Катарға алғыс айтты.

651829
Хамдулла Түркия мен Катарға алғыс айтты

Палестина премьер-министрі Рами Хамдулла Газада болған электр қиыншылықтарды шешуге жәрдем беретіні үшін Түркия мен Катарға алғыс айтты.

Хамдуллах жасаған жазбаша мәлімдемеде Палестиналықтардың өз территорияларында, әсіресе Газада жалғастырылған күреске қолдау көрсеткені үшін Түркия мен Катарға алғыстарын жеткізді.

Түрік үкіметінен Газадағы электр станциясында қолданылуы үшін 15 миллион лира жанармай жәрдем жасалатынын баяндаған премьер-министр Хамдулла түрік тарапымен ілгері уақытты осы жөнінде келісімге қол қоятынын айтты.

Рами Хамдулла Катар әкімшілігінің де электр станциясының жанармай қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 3 айлық 12 миллион доллар жәрдем беретінін де меңзеді.

        

 



Ұқсас жаңалықтар