Палестина-Израиль келіссөздері үшін Ресейден қонақжайлық ұсынысы

Лавров Палестина азат ету ұйымының бас хатшысы Саиб Урейкатпен бас қосты.

650807
Палестина-Израиль келіссөздері үшін Ресейден қонақжайлық ұсынысы

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Палестина-Израиль келіссөздері үшін қонақжайлық жасауға дайын екендерін білдірді.

Лавров Мәскеуде байланыстарын жалғастырған Палестина азат ету ұйымының бас хатшысы Саиб Урейкатпен бас қосты.

Палестина-Израиль келіссөздерінің тоқтатылғанын және Ресейдің осыған алаңдағанын атап айтқан Лавров «Біз өткен жылы Палестина мен Израиль басшыларының келіссөзіне қонақжайлық жасауға дайын едік. Қазірде қонақжайлық жасауға дайынбыз. Маңыздысы тараптардың дайын болуы» деді.

Лавров әртүрлі топтардың келесі апта Мәскеуде жиналатынын атап, «Бұл топтармен кездесе отырып көзқарас айырмашылықтарын талқылау және ортақ ұстаным ортаға қою керек. Палестиналықтар өзара бірлік қамтамасыз еткен жағдайда Израильмен келіссөздерде одан ықпалды нәтиже алынады» деді.



Ұқсас жаңалықтар