Мосулдан көшкен адам саны 173 мыңға жетті

Шабуыл кесірінен бір отбасынан 11 адам қаза тапты .

649427
Мосулдан көшкен адам саны 173 мыңға жетті

Иракта Мосулды құтқару операциялары жалғасқан кезде террор ұйымы ДАИШ-тің Эд-Дуббат аймағына 6 зымыранмен шабуыл жасалды. Шабуыл кесірінен бір отбасынан 11 адам қаза тапты.

Ирак армиясы Мосулда тағы төрт аймақты бақылау астына алды және қаланың шығысында Тигр өзені жағаларына жетті.

Орталықтан айырылған террор ұйымы болса жай халықты нысанға алуда.

Қаладан көшкен адам саны 173 мыңға жетті.

Мосулдың террор ұйымы ДАИШ-тан тазалануы үшін Ирак армия жасақтары, Пешмерга күштері және басым көпшілігін Башика лагеріндегі түрік әскерлері тарапынан жаттықтырған   Нинова сарбаздары 17 қазанда операция бастаған еді.


Этикеттер: #Ирак , #Мосул , #ДАИШ

Ұқсас жаңалықтар