Дамаскта су дағдарысын шешу үшін алғашқы қадам басылды

Сирияның астанасы Дамасктағы таза су мәселесін шешу үшін талпыныстар жалғасуда.

649777
Дамаскта су дағдарысын шешу үшін алғашқы қадам басылды

Сирияның астанасы Дамасктағы таза су мәселесін шешу үшін алғашқы қадам басылды.

Дамаск әкімшілігінің мәлімдемесіне қарағанда Барада алқабындағы 12 ауылдың тұрғыны Асад режимінің эвакуациялау ұсынысын қабылдады.

Кейбір оппозициялық топтар Дамаскқа суды қамтамасыз еткен су бөгеті орналасқан Барада алқабын тастап кете бастады.

Тастап кеткендер арасында 60 шақты қарулы оппозиционер де бар. Кейбір оппозициялық топтардың болса Барада алқабынан кеткісі келмейді.

Кейбір ауылдарда қарқынды қақтығыстардың жалғасқаны білдірілді.

Дамаск губернаторы келісімнің артынан режим күштерінің алқапқа кіріп, су жүйесін жөндеу жұмыстарын бастайтынын жариялады.

Барада алқабы Дамаскқа суды қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды.

Қақтығыстар себепті 22 желтоқсан күнінен бері Дамаскқа су беріле алмай отыр. БҰҰ лауазымдылары жұқпалы аурулардың тарауына алаңдайды.

Басқа жағынан Асад режимі оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға бағытталған әуе шабуылдарын жалғастыруда.

Шығыс Гута, Оңтүстік Халеб және Идлибке жасалған шабуылдарда қаза тапқандар жайлы мәліметтер келуде.



Ұқсас жаңалықтар