Барша әлем Кипр келіссөздеріне назар аударуда

Кипр келіссөздерінің екінші күнгі кездесулері басталды

648255
Барша әлем Кипр келіссөздеріне назар аударуда

Швейцариядағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Женева офисінде жалғасып жатқан Кипр келіссөздерінің екінші күнгі кездесулері басталды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынжы мен Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадис кездесудің екінші күнінде әкімшілік және жұмыс бөлісу тақырыбын қолға алуда.

Түрік тарапы саяси тепе-теңдікті бас тартуға болмайтын бір бөлім ретінде қарауда. Осы тақырып ілгерілеген жағдайда территория тақырыбына өтеді.

Әлем банкі лауазымдары да шешімнің қаржы тақырыбына үлес қосу мақсатымен Женеваға барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған да Грекия Грекия премьер-министрі Алексис Ципраспен телефон арқылы сөйлесіп, Кипр мәселесі жөнінде пікір алмастырды.

Осы барыста БҰҰ Бас хатшысының арнайы ақылшысы Эслен Барт Эйде келіссөздерге үлес қосу үшін Женеваға барған саяси партия лидерлерімен кешкі қонақасында бас қосты. 



Ұқсас жаңалықтар