Иранда жер сілкінісі

5,1 балдық жер сілкінісінде 4 адам қаза тапты.

645799
Иранда жер сілкінісі

Иранның Фарс уәлаятына қарасты Хонч ауданында болған 5,1 балдық жер сілкінісінде 4 адам қаза тапты.

Тегеран Университеті Геофизика Институты Сейсмология орталығының хабарламасына қарағанда эпид-орталығы Хонч ауданы болып табылатын жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 06,03-те болды.

Жер сілкінісі жердің 4 км астында қалыптасты.

Иран баспасөзінде жарияланған хабарларда сілкініс барысында бір үй құлап, Ауғанстаннан келген 4 адамның қаза тапқаны айтылды.  Бір адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар