Иран Астана жиналысына қолдау көрсетеді

Боружерди Астанада өткізілетін Сирия тақырыпты жиналысқа қолдау көрсеткенін жариялады.

645698
Иран Астана жиналысына қолдау көрсетеді

Боружерди Астанада өткізілетін Сирия тақырыпты жиналысқа қолдау көрсеткенін жариялады.

Иран парламенті сыртқ ы істері және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі төрағасы Аладдин Боружерди Қазақстанның елордасы Астанада осы айда өткізілуі жоспарланған Сирия тақырыпты жиналысқа қолдау көрсеткенін жариялады.

Аладдин Боружерди Сирияның астанасы Дамаскіге жасаған екі күндік сапары барысында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Боружержи баспасөз мәслихатында Сирия режимін Халебті қайтарып алуына орай құттықтағанын білдірді.

Сирия дағдарысын шешу үшін Астанаға баратынына риза болғанын білдірген ирандық дипломат жаңа жағдайдың әлі белгісіз екенін баяндады.

Аладдин Боружерди 6 жылдық соғыстан кейін келісімге барудың оңай емес екенін айтты. 


Этикеттер: #Иран , #Астана , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар