Қаратеңізге құлаған орыс ұшағының бөлшектері табылды

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

638465
Қаратеңізге құлаған орыс ұшағының бөлшектері табылды

Қаратеңізге құлаған орыс ұшағының бөлшектері табылды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков жексенбі күні құлаған орыс ұшағының кеудесінің бір бөлшегінің су бетіне шығарылғанын айтты.

Мәскеудегі баспасөз брифингінде іздеу жұмыстары жөнінде мәлімдеме берген Конашенков теңіздің астында сүңгуірлердің кейбір бөлшектерді тексеріп жатқанын білдірді.

Іздеу жұмыстарына 45 кеме, 15 су асты барлау көлігі, 192 сүңгуір адам мен 12 ұшақ және 5 тікұшақ қатысуда.

ТАСС агенттігі болса ұшақтың пилоты Роман Волковтың денесінің су бетіне шығарылғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар