Ұшақ апатын тексеруге комиссия құрылды

Путин қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

637590
Ұшақ апатын тексеруге комиссия құрылды

РФ президент Владимир Путин 92 адам қаза тапқан кешегі ұшақ апатында қаза тапқандарға шынайы түрде көңіл білдіретінін айтты.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бүгін өткізілуі жоспарланған Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Петербургта кездескен Путин апатқа байланысты мәлімдеме жасады.

Путин апаттың тергелуі үшін Қатынас министрінің басшылығында комиссия құрылатынын білдіріп,  себептерінің анықталуы үшін мұқият тергеу жүргізілетінін айтты.

 Апатты тексерген орыс мамандар да ұшақ апатына жол ашатын барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатқандарын атап көрсетті.

Осы арада орыс халқы апатта қаза тапқандарды еске алуда.

Останкино телеорталығының алдына жиналған мәскеуліктер гүл шоқтарын қойды,  шам жағып, апатта қаза тапқан 9 журналисті еске алды.

Басқа бір еске алу рәсімі әлемге «Қызыл армия хоры» ретінде танымал Александров ансамблінің ғимараты алдында өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар