"Сирияның бөлінуіне қарсымыз"

Үш елдің Сыртқы істер министрлері баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

634812
"Сирияның бөлінуіне қарсымыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның және барлық көршілерінің ұлттық бірлігі мен шекара тұтастығын қолдайтындарын,  бөлінуге қарсы екендерін айтты.

Чавушоғлу Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрлігі резиденциясында орыс әріптесі Сергей Лавров және Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен кездесуден кейін баспасөздің алдына шықты.

Сирия жөнінде бүгінге дейін түрлі форматта қабылданған шешімдер болғанын,  бірақ орындалмағанын айтқан түрік министр нәтижеде жағдайдың қиындай түскенін еске салды.

Осындай форматта бірінші рет бас қосқандарын тілге тиек еткен Чавушоғлу Алепподағы гуманитарлық дағдарыстың жеңілдетілуі,  халықтың жүйелі түрле эвакуациясы және Сирияда бітім жариялау үшін жұмыстанып жатқандарын атап айтты.

Чавушоғлу қазірге дейін Алепподан 37 мың 500 адамның көшірілгенін айтты.

Түрік министр бітімнің Сирия көлемінде орындалуы үшін ДАИШ, Әл Нусра сынды террор ұйымдарымен күрестің жалғасуда екенін айтып, «Олармен күресіміз жалғасады. Сырттан келген қарулы топтар да бар. Хизбулла секілді.  Сондықтан осы қарулы топтардың барлығына беріліп отырған көмектер тоқтауы қажет» деді.

Чавушоғлу Сирияның солтүстігінің террордан тазалануы үшін 24 тамызда Түркияның басшылығында басталған «Евфрат қалқаны» операциясының мақсатының Мүнбич аймағын ДАИШ террор ұйымынан тазалау және осы аймақты босқындар үшін сенімді жерге айналдыру екенін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Сирия дағдарысының шешілуі үшін ең тиімді және ықпалды әдістің Түркия-Ресей-Иран үштік форматы екенін атты.  «Сирия әкімшілігі және оппозиция арасында қол қойылатын келісімге кепілдік беруге дайынбыз» деді ол.

Министр Лавров үш ел ретінде Сирия дағдарысының елдің территория тұтастығы аясында саяси жолдармен шешілуіне келісетіндерін білдірді.

Лавров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сирия келіссөзін Астана қаласында өткізу ұсынысына қолдау бергенін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф те Сириядағы жағдайды халықаралық қоғам бірігіп шешуі керектігін, қақтығыстың дереу тоқтатылуы керектігін, Сирияға гуманитарлық көмектің дереу жеткізілуі қажеттілігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар