Түркия басқа елдің қайғыларын бөлісуде

Бес елде болған террор шабуылдарында 161 адам қаза тапты.

628724
Түркия басқа елдің қайғыларын бөлісуде

Стамбулдағы опасыз шабуылмен шайқалған Түркия бірдей қайғыны басынан өткізген халықтармен береке-бірлік ішінде болды.

Түркия сенбі күні Мысыр, Йемен және Сомалиде болған террор шабуылдарын қатал түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімде 10 желтоқсан күні кеште Стамбул Башикташта полицияны сынаға алған опасыз террор шабуылдарына тоқталып, Түркияның террормен күресуде Нигерия, Мысыр, Йемен, Ирак және Сомали халқының қасында екенін түсіндірді.

Бес елде өткен көбі жанкешті террор шабуылдарында 161 адам қаза тапты.

Нигерияның солтүстік-шығысында Мадагали қаласындағы базар маңында қос жарылыс болды. Жарылыста 60 адам опат болды, 200 адам жарақат алды.

Мысырдың астанасы Каирде болса христиандар нысанға алынды. Жанкешті шабуылда 25 адам мерт болды.

Террордың тағы бір нысаны болса Сомалидің астанасы Могадишо болды. Көлікпен жасалған жанкешті шабуылда 20 шақты адам қаза тапты.

Йеменде болса қауіпсіздік күштері нысанға алынды. Бомбалы шабуылда 8 адам көз жұмды. 


Этикеттер: #Нигерия , #Сомали , #Мысыр

Ұқсас жаңалықтар