Афиныда бомбалы шабуыл сигналы берілді

Бомба жою мамандары тарапынан тексерілген бір сөмкеде жарылғыш материал бар екені анықталды.

628568
Афиныда бомбалы шабуыл сигналы берілді

Грекияның Афины қаласында Еңбек министрлігінде бомба сигналы берілді.

Министрлік ғимаратына бомба бар екені жайлы хабарлаудың артынан полиция министрлік айналасында қауіпсіздік шараларын арттырды.

Іздестіру жұмыстары барысында ғимарат алдындағы темір қоршаудың үстіне ілінген күдікті бір сөмке жарылды.

Бомба жою мамандары тарапынан тексерілген сөмкеде жарылғыш материал бар екені анықталды.

Афиныда қысқа уақытта алдымен Франция өкілетті елшілігіне де мотоциклды екі адам тарапынан бомбалы шабуыл жасалған болатын.

Шабуылда елшілік ғимараты алдындағы қауіпсіздік қызметкері жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар