Сирияда балаларға көмек керек

Сирияның 16 қаласында балалар көмекке зәру.

625645
Сирияда балаларға көмек керек

Сирияда шамамен жарты миллион баланың гуманитарлық көмек материалдарына қолы жетпейді.

Осы аяда сириялық балалардың жағдайына назар аудару үшін ЮНИСЕФ Германия филиалы Берлинде баспасөз брифингін берді.

Ұйым Сирияның қоршау астындағы 16 қаласында балалардың бірнеше айдан бері көмек ала алмағанын атап көрсетті.

ЮНИСЕФ қақтығыстың тараптарын тағы бір рет балаларды қорғауға шақырды.

Халебтегі балалар шайқастың қақ ортасында,  сонымен бірге су, азық және дәрі сынды қажет материалдардан мақұрым. Мыңдаған бала қорғансыз күйде далада қалды.

Тек Халеб емес, басқа жерлерде де балалар бомба астында. Шамамен 6 миллион бала көмекке мұқтаж. ЮНИСЕФ балалардың азаматтық соғыстың алтыншы қысында да аурулар және салқын ауа райымен күресіп отырғанына назар аударды.

ЮНИСЕФ-тің деректеріне қарағанда биыл Сирияда мектептер нысанаға алынған 84 шабуылда 69 бала қаза тапты.

Елдегі мектептердің үштен бірі жабық.

ЮНИСЕФ елдегі өзіне серік ұйымдар арқылы мұқтаж отбасыларға төсек, көрпе және қыстық киімдер жеткізуге тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар