Түркия мен Еуропа Одағы ынтымақтасты маңызды

Могерини Түркия мен Еуропа Одағының жалғасты ынтымақтастық жасауы керектігін айтты.

625178
Түркия мен Еуропа Одағы ынтымақтасты маңызды

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини, осы  географияда бірдей қауіп-қатерге душар болған Түркия мен Еуропа Одағының ынтымақтастық жасауға мұқтаж екенін айтты.

Брюссельдегі НАТО сыртқы істер министрлері жиналысының бірінші күнгі сессиясында Ресейдің әскери операциялары және Екінші Дүниежүзілік соғысынан осы таңға дейін болған ең үлкен босқын дағдарысы қолға алынды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг журналисттердің сұрақтарына орай Түркияның Ресеймен болған қарым-қатынастарды қалыпқа түсірудің НАТО-ға қайшы емес екенін, керісінше НАТО-ның да диалог каналдарының ашық ұстау жағында болғанын айтты.

Жиналыс аясында Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Жиналыстан кейін НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге ортақ мәлімдеме жасаған Могерини Түркияның стратегиялық маңызын түсіндірді.

Могерини «Осы  географияда бірдей қауіп-қатерге душар болған Түркия мен Еуропа Одағының ынтымақтастық жасауға мұқтажы бар. Бірге жалғасты жұмыс істеуіміз керек» деген сөздер қолданды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де береке-бірліктің маңызына тоқталды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар