Германия 100 мың босқынды елдеріне қайтарады

Бір миллионнан астам босқынды қабылдаған Германия «ашық есік» саясатын өзгертеді.

621503
Германия 100 мың босқынды елдеріне қайтарады

Еуропаның Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бетпе-бет қалған ең үлкен босқын дағдарысында 1 миллионнан астам босқынды қабылдаған Германия «ашық есік» саясатын өзгертеді.

Германия канцлері Ангела Меркель Христиан демократтар одағы партиясының Ноймюнстер қаласында өткен конференциясында паналау сұранысы қабылданбаған 100 мың босқынның елдеріне қайтарылатынын білдірді.

Меркель 60 мың босқынның да ерікті кері қайтару бағдарламасын қабылдағанын жариялады.

Меркель елдеріне оралуды қабылдаған босқындарға ұшақ білетіне қоса, тіршіліктерін жалғастыру үшін қаржы жәрдемі жасалатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар