CENTCOM қолбасшысы Түркия жайлы мәлімдеді

АҚШ Орталық күштер қолбасшысы Джозеф Вотел Түркияның ДАИШ және ПКК-мен күрескенін атап айтты.

621205
CENTCOM қолбасшысы Түркия жайлы мәлімдеді

АҚШ Орталық күштер қолбасшысы (CENTCOM) Джозеф Вотел Сирияда жасағандары соңғы операциялардың Түркияның қолдауымен жүзеге асқанын атап айтты.

Вотел Вашингтон орталық консерватизм мекемесі Сыртқы саясат инициативасында өз қолбасшылығының міндет атқарылған елдерге қатысты бағалау жасады.

Вотел «Түркияның күнделікті қолдауы болмағанда Сирияда атқарған соңғы жұмыстарымызда табысқа жете алмас едік. Аймақтағы басқа мемлекеттер сияқты Түркияның да мүдделері және уайымдары бар, Меніңше осы АҚШ үшін маңызды болуға тиісті, осыны байқап отыру керек» деді.

Түркияның ДАИШ және ПКК-мен күрескенін атап айтқан Вотел «ДАИШ тақырыбында өте маңызды уайымдары бар. Сондай-ақ ПКК сияқты топтарға да қатты алаңдайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар