Еуроодақ министрі Брюссельге барады

Еуроодақ министрі Өмер Челик 29-30 қараша күндері Брюссельге барады.

619041
Еуроодақ министрі Брюссельге барады

Еуроодақ министрі Өмер Челик Еуропа Парламенті өткен апта қабылдаған «Түркиямен келіссөздерді тоқтату» жөніндегі ұсыныс шешімінің артынан Бельгияның астанасы Брюссельге барады.

Челиктің сапары 29-30 қараша күндері жүзеге аспақ.

Өмер Челик Брюссельде Еуроодақ комиссиясы төраға орынбасары Франц Тиммерманспен бас қосады.

Кездесуде Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығындағы соңғы жаңалықтар қолға алынады.

Террормен күреске қоса «Кері қабылдау келісімі» мен түрік азаматтарына виза жеңілдігі және энергия саласында Еуроодақпен ынтымақтастық тақырыптары қолға алынады.

Еуроодақ министрі Челик Брюссельде Көш, Ішкі істер және азаматтыққа жауапты Еуроодақ комиссиясы мүшесі Димитрис Аврамопулос және Энергияға жауапты Еуроодақ мүшесі Мигуэль, Ариас Санетемен бас қосады.

Өмер Челик азаматтық қоғам мекемелері, медиа және іскер әлемінің өкілдерін де қабылдайды.

Челик Еуроодақ комиссиясы тарапынан босқын балаларды оқыту үшін ұйымдастырылатын «Төтенше жағдайларда оқу форумы» тақырыпты жиналыста үн қатады.



Ұқсас жаңалықтар