Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 345 мың 676 босқын келіп жетті

Жерорта теңізінде қаза тапқан босқын саны - 4663.

617710
Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 345 мың 676 босқын келіп жетті

Халықаралық Миграция ұйымы 2016 жылы қазірге дейін Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 345 мың 676 босқын келіп жеткенін білдірді.

БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өткен баспасөз брифингінде ұйым баспасөз хатшысы Джоел Милман 23 қараша деректеріне орай Жерорта теңізінде қаза тапқан босқын санының 4663 екенін білдірді.

Бұл көрсеткіш өткен жылы осы уақытта 3574 болатын.

2016 жылы 345 мың 676 босқын көбіне Италия мен Грекияға келді. Қазірге дейін Грекияға 171 мың 463, Италияға болса 168 мың 579 босқын келіп жетті.

Милман кеше Римде құтқарылған 1300 босқынның осы статистикаға қосылмағанын атап көрсетті. Деректерге қарағанда әлем көлемінде қаза тапқан босқын саны – 6 мың 155.



Ұқсас жаңалықтар