Түрікмен тауына операция

Асад армиясының зеңбіректері таңертең ертемен Түркия шекарасына жақын көптеген жерді атқылады.

616223
Түрікмен тауына операция

Сирияда Башар Асадтың жасақтары Латакия маңындағы Түрікмен тауы мен Джебел Экрадқа ауқымды операция бастатты.

Асад армиясының зеңбіректері таңертең ертемен Түркия шекарасына жақын көптеген жерді атқылады.

Зеңбіректердің шабуылынан кейін жасақтар Түрікмен тауындағы аймақтарға құрлықтан операция бастады. Оларға оппозиционерлер қарсы жауап беруде. Қақтығыс болып жатқан аймақта көптеген өлі мен жаралы бар деген хабарлар келуде.

Караманлы ауылы мен Әт-Түфахие стратегиялық жағынан маңызды жерлер.

Аймақтағы жарылыстың дауыстары Түркияның шекараға жақын жерлерінен де естіледі.



Ұқсас жаңалықтар