Жапонияда 7,3 баллдық жер сілкінісі болды

Жапонияның Фукусима қаласы кеңістігінде  7,3 баллдық жер сілкінісі болды.

615233
Жапонияда 7,3 баллдық жер сілкінісі болды

Жапонияның солтүстік-шығыс жағажайындағы Фукусима қаласы кеңістігінде  7,3 баллдық жер сілкінісі болды. 

Жерасты дүмпулері дүйсенбі күні, 21 қарашада сезілді. Зілзаланың ошағы жағалаудағы Иваки қаласынан шығысқа қарай шамамен 60 километр жердегі теңізде болды. Дүмпу 10 километр тереңдіктен басталған.

Жапонияда осы аймақта 2011 жылдың 11 наурызы күні елдің тарихындағы ең қуатты 9,1 баллдық зілзала болған. Осы дүмпуден кейін цунами көтеріліп, 19 мың адам көз  жұмған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар