Стивен О’Брайен БҰҰҚК-ді Сириядағы қоршауды жоюға шақырды

О’Брайен жазықсыз адамдарға жасалған зұлымдықты айыптап, қоршауды жою шақыруын қайталады.

615211
Стивен О’Брайен БҰҰҚК-ді Сириядағы қоршауды жоюға шақырды
Samantha Power.jpg

БҰҰ Бас хатшы орынбасары және Төтенше жағдайлар координаторы Стивен О’Брайен (Stephen O'Brien) Сирияда шамамен бір миллион адамның қоршау астында екенін жариялады.

Сирия дағдарысын бағалау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде (БҰҰҚК) сөз алған О’Брайен Сирияда қоршауға алынған жазықсыз адам санының алты айдың ішінде екі есе артқанын білдірді.

О’Брайен жазықсыз адамдарға жасалған зұлымдықты айыптап, қоршауды жою шақыруын қайталады.

Жиналыста сөз алған АҚШ өкілетті елшісі Саманта Пауэр болса жазықсыз адамдарға қарсы қылмыс жасаған Асад режимінің жоғары деңгейдегі әскер мен полиция лауазымдыларының кейбіреулерінің атын атады.

Сирияда соғыс қылмысы жасағандардың бір күні міндетті түрде жауапқа тартылатынын тілге тиек еткен Пауэр «Ерте не кеш қылмыс жасағандар сот алдына шығады» деді.

Сирияда 6 жылдан бері жалғасқан ішкі соғыста 300 мыңнан астам адам қаза тапты, миллиондаған адам үйін тастап кетті.



Ұқсас жаңалықтар