Ирак орталық үкіметінен Күрд аймақтық әкімшілігіне қатаң наразылық

Барзани пешмергенің ДАИШ-тен құтқарылған аймақтардан кері шегінбейтінін мәлімдеді.

613434
Ирак орталық үкіметінен Күрд аймақтық әкімшілігіне қатаң наразылық

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Месуд Барзанидің пешмергенің ДАИШ-тен құтқарылған аймақтардан кері шегінбеуі тақырыбында АҚШ-пен келіскені жөніндегі мәлімдемесіне Ирак үкіметінен қатаң наразылық келді.

Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Ибадидің офисінен жасалған мәлімдемеде Пешмерге күштерімен бұрын жасалған келісім шарттарының өзгермегені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Федералды үкімет пен Ирак Күрд Аймақтық әкімшілігінің Ирактың Нинова уәлаятының құтқарылуы тақырыбында жасалған келісімнің күшінде және өзгермегенін айтқымыз келеді» делінді.

Ирак Күрд Аймақтық әкімшілігі мен Ирак Орталық Үкіметі арасында жасалған келісімде ‘армия мен пешмерге күштерінің ДАИШ-ті аймақтан шығару үшін бірге күреседі және Нинова азат етілген соң пешмерге күштерінің бұрынғы орнына қайта оралуы жөнінде шешім қабылданды’ деген бап орын алады.



Ұқсас жаңалықтар