Дональд Трампқа қарсы наразылық шерулері жалғасуда

Дональд Трампты протест еткен қалың жұртқа студенттер де қосылды.

611614
Дональд Трампқа қарсы наразылық шерулері жалғасуда

Америка Құрама Штаттарында президенттік жарыста жеңіске жеткен Дональд Трампты протест еткен қалың жұртқа студенттер де қосылды.

Вашингтонда жиналған студенттер Дональд Трампқа қарсы шеруге шықты.

Дональд Трамптың 7 жұлдызды қонақ үйінің алдынан Жоғары сот ғимаратына дейін шеру ұйымдастырған ереуілшілер сайлау қорытындысын протест етті.

Дональд Трамптың нәсілшіл және бөлшектеуші мәлімдемелері себепті президент болмау керектігін алға тартқан ереуілшілерге лицей және университет студенттері де қолдау берді.

Елдің әртүрлі аймақтарындағы шерулерде қақтығыстар жалғасуда.

Вашингтонда қауіпсіздік шараларын арттырған полиция бұзақылықтарға рұқсат бермеуде.

Қауіпсіздік күштері қақтығысқысы келгендерді дәл кезінде тергеуге алады.

Медианың ереуілшілерді ынталандырғанын алға тартқан Дональд Трамп өзі сайлауда жеңіліп, жақтаушылары шеруге шыққанда медианың ұстанымының не болатынын сұрады.

8 қараша күні өткен президенттік сайлауда демократтардың үміткері Хиллари Клинтонды жеңген республикашылардың үміткері Дональ Трамп 2017 жылы 20 қаңтар күні президенттің міндетін қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар