Идлибке шабуыл

Қаза тапқандардың көбі - балалар.

606406
Идлибке шабуыл

Сирияның Идлиб қаласына жасалған шабуылда 9 адам қаза тапты. Олардың жетеуі – бала. Қаза тапқан екі әйелдің бірінің аяғы ауыр болатын.

Азаматтық қорғаныс қызметкері Өмер Улван Башар Асад әкімшілігінің соғыс ұшақтарының Идлибтің Хан Сейхун ауданында тұрғын мекендерін нысанаға алғанын,  ондаған азаматтың жарақаттанғанын білдірді.

«Әкімшілік пен орыс ұшақтары Бинниш ауданында да елді мекенді нысанаға алды» деген Улван осы шабуылда да бейбіт халықтың жарақат алғанын хабарлады.

Жарақат алған азаматтар төңіректегі емханаларға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар