Құшақтау акциясы

Зиг өзенінің үстіндегі көпірде 60 минут тұрған Аднан Меммимен 70 адам құшақтасты.

603714
Құшақтау акциясы

Германияның Зиген қаласында тұратын Аднан Мемми мұсылмандарға деген нашар көзқарасты өзгерту үшін «құшақтасу» акциясын жүргізді.

Зиг өзенінің үстіндегі көпірде 60 минут тұрған Аднан Меммимен 70 адам құшақтасты.

35 жасар,  3 баласы бар Аднан Мемминің ата-анасы Черногориядан. «Отаным-Германия» деген түсініктегі Аднан бір күні «шетелдіктердің барлығы – террорист» деген таласқа куә болды.

Бір қағазға «Мен – мұсылманмын,  террорист емес. Мен саған сенемін,  сен де маған сенетін болсаң, мені құшақта» деп жазды. Артынан көпірге келіп,  көзін байлап, күте бастады. Бірнеше минут еш қозғалыс болмады. Артынан азаматтар келіп, көзі байлаулы Аднан Меммиді құшақтай бастады.

Көпірде 60 минут тұрғанын білдірген Мемми: «Осы 60 минутта шамамен 70 адам келіп құшақтады.  Қатты қуандым» деді.

Босқын көші мен террор лаңкестіктері салдарынан Германияда шетелдіктерге,  әсіресе мұсылмандарға деген көзқарас қатты өзгерді.



Ұқсас жаңалықтар