«Журналистер үшін Ислам нұсқаулығы» жарияланды

Ислам және мұсылмандар жөнінде мәліметтерді қамтитын нұсқаулық Берлинде таныстырылды.

602133
«Журналистер үшін Ислам нұсқаулығы» жарияланды

Германияда «Журналистер үшін Ислам нұсқаулығы» жарияланды.

Ислам және мұсылмандар жөнінде мәліметтерді қамтитын нұсқаулық Берлинде таныстырылды.

Нұсқаулық Берлиндегі «Үйлесімділік медиа қызметтері»  жобасы аясында дайындалды.

Кітапта Исламның бес шарты,  Исламиятта діни мерекелер сынды мәліметтермен қоса Германияда мұсылмандар туралы да деректер орын алған.

«Журналистер үшін Ислам нұсқаулығы» жобасының басқарушысы Др. Тино Тонасси журналистер және Ислам ілімдері саласында қызмет ететін ағартушылармен кәсіптік сабақтар өткізіп, журналистердің қажеттіліктері аясында осы нұсқаулықтың басылып шыққанын айтты. Тонасси кітапта 22 автордың мақаласы бар екенін және еңбектің 15 айлық жұмыстың жемісі екенін атап көрсетті.

Ислам деген кезде немістердің 80 пайызының есіне «әйелдерге қарсы жікшілдік», 70 пайызының есіне «фанатизм» түседі. Ол жоба жүргізушілердің ойынша Германиядағы мұсылмандардың түрлілігі мен олардың күнделікті тұрмысы жайлы неміс баспасөзінде көп материал жарияланбайды.

Осы кітап журналистерге мұсылмандар және мұсылманшылыққа байланысты хабарларда қолдануға болатын деректер,  оқиғалар және негізгі мәліметтерді ұсынады.

Кітапта сонымен бірге германиядағы түрлі мұсылман қоғамдарының байланыс мәліметтері де орын алған.

Кітаптағы мәліметтер сонымен бірге интернетте де жаңаланып отырады.



Ұқсас жаңалықтар