Бірнеше ауыл кері алынды

Иракта Мосул маңындағы ауылдар азат етілді.

599940
Бірнеше ауыл кері алынды

Иракта Мосул қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен азат етілуі операциясы аясында Хакул, Али Риш, Кануне және Рожбейан ауылдары кері алынды.

Аталмыш ауылдардың бірнеше күн бұрын пешмерга күштері тарапынан қоршауға алынғаны және миналардан тазаланып жатқаны білдірілді.

Құтқарылған ауылдарға қарасты Башика ауданы да 23 қазан күнінен бері пешмерга күштерінен тарапынан қоршауға алынған болатын.

Мосулдың террор ұйымы ДАИШ-тен азат етілуі үшін Ирак армия жасақтары,  пешмерга күштері мен көпшілігін Башика лагеріндегі түрік әскерлері дайындаған Нинова моджахидтері 17 қазан күні операция бастаған еді.


Этикеттер: #ауыл , #Мосул , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар