Бағдатта бомбалы шабуыл

Бағдаттың Әл-Нурийе аймағында аялдап тұрған көліктің жарылуы салдарынан 10 адам қаза тапты.

600099
Бағдатта бомбалы шабуыл

Шиіттер өмір сүрген бір аумақта жеміс-жидек базарына жасалған шабуылда 30-дан астам адам жарақат алды.

Қауіпсіздік қамтамасыз етіле алмаған Бағдатта соңғы кездері қақтығыстар мен шабуылдар артты.

Ирактық лауазымдылар аталмыш шабуылдардың ДАИШ-пен байланысы бар топтар тарапынан жасалғанын алға тартады.

Бағдатта сенбі күні жасалған шабуылда да 8 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар