Идлибте мектепке опасыз шабуыл жасалды

Сирияның Идлиб қаласында соғыс ұшақтары нысанаға алған мектептегі 22 бала мен 6 мұғалім қаза тапты.

598234
Идлибте мектепке опасыз шабуыл жасалды

Сирияның Идлиб қаласында соғыс ұшақтары бір мектепті нысанаға алды. Шабуылда 22 бала қаза тапты.

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры «UNICEF» Идлиб қаласында бір мектепке бірінен соң бірі жасалған шабуылдарда 22 бала мен 6 мұғалімнің қаза тапқанын жариялады.

Мәлімдемеде Идлиб қаласында 5 жылдан бері жалғасқан соғыста бір мектеп нысанаға алынған қанды шабуыл екені атап көрсетілді.

Халықаралық қоғамның «бұл жауыздыққа қашан ‘тоқта’ дейтіні» сұралған мәлімдемеде «Бұл үлкен бір трагедия. Осы опасыз шабуыл егер қасақана түрде жасалса, онда соғыс қылмысына жатады» делінді.

Шабуылдың Идлибке әуе шабуылдары жасаған Сирия режимі немесе Ресей тарапынан жасалғаны алға тартылды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында журналисттердің қауесеттерге қатысты сұрақтарына жауап қайтарған Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин Сирияда мектеп бомбаламағандарын атап «Өте қорқынышты бір хабар. Бізбен байланысы жоқ екенін үміт етемін. Мен үшін ‘жоқ’ дәу оңай. Дегенмен Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін күту керек» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар