Думада шабуыл

Шабуылда 9 адам қаза тапты.

598329
Думада шабуыл

Сирияның бас қаласы Дамаскінің Шығыс Гута аймағындағы оппозицияның қолындағы Дума ауданына зымыранмен шабуыл жасалды.  Шабуылда 9 адам қаза тапты.

Шабуылда жарақат алған ондаған адам жылжымалы ауруханаларға жеткізілді.

Азаматтық қорғаныс топтарының деректеріне қарағанда Асад әкімшілігі Дума ауданының бірнеше жерін нысанаға алды.

Зымырандардың бірі Думаның шығысындағы жолға құлап,  көліктерге тиді.

Сирияда ең көп шабуылға ұшыраған аймақтардың бірі болып табылатын Думада армияның ұшақтарының бомбалауы нәтижесінде 2015 жылдың 16 тамыз күні 115 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алған болатын.


Этикеттер: #Сирия , #Дума , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар