Пеншмерге күштері Башиканы азат ету үшін операция бастады

Башика ауданы маңындағы Имам Рыза ауылында Пешмерге күштері мен террористтер арасында қақтығыс жалғасуда.

595138
Пеншмерге күштері Башиканы азат ету үшін операция бастады

Иракта ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Мосулды құтқару операциясының 7-ші күнінде Пешмерге күштері қаланың солтүстік шығысындағы Башика ауданын азат ету үшін операция бастады.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне қарасты Пешмерге күштері солтүстік шығыс аймағында орын алған Башика және Наверан майдандарында азанғы уақытта ДАИШ-тің бақылауындағы ауданға қарай бет алды.

Ауданнан бірнеше шақырым қашықтықтағы Имам Рыза ауылында Пешмерге күштері мен террористтер арасында шыққан қақтығыс жалғасуда.

Бүгін азанғы уақытта басталған операцияға әйел пешмерге және АҚШ әскерлерінің қақтығыстардың алдынғы саптарда орын алуы назар аударды.

Ирак армиясы кеше Мосулдың Хемданийе ауданы мен Бертыллы ауданын азат еткен болатын.

Мосулды ДАИШ-тен азат ету үшін Ирак армиясы жасақтары, пешмерге күштері және көпшілігі Башикадағы түрік әскері тарапынан жаттықтырылған Нинова сарбаздары 17 қазан күні операцияны бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар