Хейсем Али Табатабай жаһандық террористтер тізіміне алынды

АҚШ бірқатар компанияға да санкция салды.

594036
Хейсем Али Табатабай жаһандық террористтер тізіміне алынды

АҚШ Хизбулла қолбасшыларының бірі Хейсем Али Табатабайды жаһандық террористтер тізіміне алды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Әбу Али Табатабай деп те аталған тұлғаның АҚШ азаматтарының қауіпсіздігіне және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі,  сыртқы саясаты және экономикасына қауіп төндіргендіктен тізімге алынғаны білдірілді.

Табатабайдың АҚШ заңдарына бағынатын дәулетіне бұғау салынды. АҚШ азаматтарына да осы кісімен жұмыс істеуіне немесе байланыста болуына тыйым салынды.

Бұдан бұрын Хизбулланың арнайы жасақтарының қолбасшылығын атқарған Ливандық Табатабай қазір Йеменде.

Табатабай Сирия және Йеменде Хизбулланың әскери дайындық,  құрал-жабдық және қызметкер қамдау істерін атқарды.

Осы арада Табатабайдан басқа Ливандағы Хизбулла ұйымына қаржылай көмек берген 4 кісі мен бір компанияға да АҚШ Қазына министрлігі тарапынан санкция қойылды.



Ұқсас жаңалықтар