Әйелдер бейбітшілік үшін  шеру жасады

Палестиналық және израильдік әйелдер бейбітшілік жөнінде үндеу тастады.

593656
Әйелдер бейбітшілік үшін  шеру жасады

Палестина мен Израиль әйелдері Батыс Шериядан Иерусалимге қарай бейбітшілік үшін  шеру жасады.

Иордания шекарасында жиналған ақ киім киген  палестиналық және израильдік әйелдер бейбітшілік жөнінде үндеу тастады.

Әйелдер Израиль басқыншылығының аяқталуы және бейбітшіліктің орнатылуы туралы тілек-армандарын ұран салу арқылы жеткізуге тырысты.

Әйелдердің шеруі Иерусалимде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуның үйі алдындағы митингпен аяқталды.

Бейбітшілік шеруіне 2011 Нобель бейбітшілік жүлдесінің иегері Лейма Гбови де қолдау көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар