Керри Ресейге үндеу тастады

Керри Сирияда болған ішкі соғысқа байланысты оқиғаларды түсіндірді.

593290
Керри Ресейге үндеу тастады

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Швейцарияның Женева қаласында Сириядағы байсалды оппозиционерлерді террорист топтарынан ажырату үшін өтетін жиналыстан көп нәтиже шықпайтынын білдірді.

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Юн Бенсемен бірге Вашингтонда ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Керри Сирияда болған ішкі соғысқа байланысты оқиғаларды түсіндірді.

Джон Керри Ресейге Сириядағы осы қақтығысты аяқтату үшін маңызды қадамдар басу жөнінде үндеу тастады.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Швейцарияның Женева қаласында кейбір елдердің әскери лауазымдары қатысатын бір жиналыс өткізілетінін, сондай-ақ жиналыстың алдымен Халебтегі оппозиция күштерінің террорист топтардан ажыратуды мақсат еткенін хабарлаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар