Индонезияда 2 полиция шабуылға ұшырады

ДАИШ жақтаушысы болып шыққан шабуылдаушы оқиға орнында жарақат алды.

593338
Индонезияда 2 полиция шабуылға ұшырады

Бантен уәлаятында полицияға пышақпен шабуылдаған адамның ДАИШ террор ұйымы жақтаушысы екені анықталды.

Азанғы уақытта қолындағы пышақпен 2 полиция қызметкерін жаралаған шабуылдаушы оқиға орнында жараланды.

2 полиция қызметкерінің жағдайының ауыр екені білдірілді.

Шабуылдаушының оқиғаның дәл алдында полиция бекеті маңындағы бір ғимараттың қабырғасына ДАИШ-ті насихаттайтын плакаттар ілгені алға тартылды.

Полиция сондай-ақ шабуылдаушының пышаққа қоса бомбамен жүргеніне күдіктенеді.

Бомба екенін көрсеткен нәрсенің сараптау жұмыстары жалғасуда.

Индонезияда тамыз айында да ДАИШ жақтаушысы 1 жас шіркеуде бір дін қызметкеріне шабуыл әрекеті жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар