Еуроодақ басшылары бас қосады

Саммитте Сирияда жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдар себепті Ресейдің айыпталуы күтіледі.

593521
Еуроодақ басшылары бас қосады

Еуроодақ мемлекеттерінің мемлекет және үкімет басшылары бүгін бас қосады.

Саммитте Сирияда жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдар себепті Ресейдің айыпталуы күтіледі.

Еуроодақ кеңесі жиналысында алдымен шекара қауіпсіздігі және Африка елдерімен жасалатын келісімдер негізінде босқын тақырыбы қолға алынады.

Түркиямен 18 наурыз күні жасалған келісіммен Эгей теңізінен Еуропаға өткен босқын санындағы азаюды, Африкадан келетін босқындарда да көргісі келген Еуроодақ жаңа келісімдерге назар аударады.

Саммиттің ең маңызды бөлімі ретінде кешкі қонақасында болса күн тәртібін салмақты түрде Ресей құрайды. Саммиттің күн тәртібі мәтініне қарағанда өткізілетін «стратегиялық пікірталастарда» Еуроодақтың Ресеймен ынтымақтастығы және Мәскеудің Сирия, Украина және Балкандағы рөлі қолға алынады.

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск басшыларға жолдаған шақыру хатында пікірталастың мақсатының «бұл маңызды көршімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қолға алу» екенін атап көрсетті.

Еуроодақтың Ресейге қарсы ұстанымында «бірлік» болудың маңызына тоқталған Туск «Қазірге дейін айырмашылықтарымызға қарамастан бірге қозғала алдық және осылай да қалуға тиістіміз» деді.

Еуроодақ ақпарат көздеріне қарағанда Сириядағы шабуылдар себепті Ресейге қарсы кезкелген бір санкция шешімі қабылданбайды.

Бірақ Сирия тақырыбында Ресей де  айыпталатын бір қорытынды декларация жарияланады.

Декларацияның жоба күйіндегі мәтінінде «Еуроодақ кеңесі одақтастары мен әсіресе Ресейді Халебтегі жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдарын қатаң түрде айыптайды. Оларды (Сирия режимі мен Ресей) зұлымдықтарды тоқтатып, Халеб және елдің басқа да аймақтарына кедергісіз гуманитарлық жәрдем жеткізуді қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде қажетті қадамдарды басуға шақырады» делінеді.



Ұқсас жаңалықтар