АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер Түркияға келеді

Картер аймақтық қауіпсіздік тақырыптары аясында Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және Бельгияға бармақ.

592454
АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер Түркияға келеді

Америкам Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрі Эштон Картер аймақтық қауіпсіздік тақырыптарын қолға алу үшін жұма күні Түркияға келеді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон жасаған мәлімдемеге қарағанда министр Эштон Картер 20-27 қазан күндері арасында ДАИШ-пен күрестің маңызды одақтастарымен бас қосып, НАТО қорғаныс министрлері жиналыстарына қатысу үшін Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және Бельгияға сапар ұйымдастырады.

Бағдарламасын Түркиядан бастайтын Картер 21 қазан жұма күні түрік лауазымдылармен бас қосады.

Пентагон мәлімдемесінде Эштон Картердің Түркиядағы кездесуінде аймақтағы қауіпсіздік тақырыптарына қоса Ирак пен Сириядағы жаңалықтардың қолға алынатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар