Мосул операциясы басталды

Ирактың ең үлкен екінші қаласы Мосулды ДАИШ-тен құтқару операциясы басталды.

590981
Мосул операциясы басталды

Екі жылдан бері ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Ирактың ең үлкен екінші қаласы Мосулды құтқару операциясы басталды.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади операцияның басталғанын мемлекеттік арнадан жариялады.

Ибади операция бойынша Мосул халқының қауіпсіздік күштерімен ынтымақтастық жасауын талап етті.

Ирак армиясы және 15 пен 18 мың арасындағы Пешмерге қоныстанған Хазер майданына қоса ДАИШ-ке үш бағыттан шабуыл басталғаны білдірілді.

Бұрынғы Мосул губернаторы және Нинова сарбаздары қолбасшысы Эсил Нужейфи операцияға Башика лагерінде түрік әскерлері жаттықтырған сүннит қарулы күштерінің де қатысқанын жариялады.

АҚШ күштері де Мосулды ауыр зеңбіректермен атқылауда.

Коалиция елдері әуеден қолдау берген операцияда ДАИШ-тің Мосул алқабындағы қимылдарын бақылау үшін аймақ тік ұшақтар тарапынан үздіксіз жарықтандырылуда.

Эрбиль-Мосул трассасы үстіндегі пешмергелердің ДАИШ бақылауындағы ауылдарға бағытталған ілгерілеуі жалғасуда.

ДАИШ болса шабуылдарға ауыр қарулармен қарсы шабуыл жасауда.

Пешмерге күштерінің Мосулды ДАИШ-тен құтқару операциясы аясында Хазер майданында 7 ауылды азат еткені білдірілді.

Ауылдар арасында Хамданийе және Бартилла көлік жолы үстіндегі Тержеле, Басахра, Кішкентай Бедене, Үлкен Бедене, Кеберви, Баскелан және Шейх Әмір ауылдары бар.

Түркияда операцияның басталуымен шекарадағы қауіпсіздік шараларын арттырды.

Хабур шекара қақпасы маңындағы әскери жасақтарға сауытты көлік таситын жүк көліктері жіберілді.

Оқ-дәрі тасыған көліктер де бар әскери керуен түнгі уақытта базаларға ұласты.

Ирактағы коалиция күштерінің АҚШ өкілі Брет Мэк-Гөрк болса операцияның басталуымен әлеуметтік желіде «Бұл тарихи операцияда қолдау бергеніміз үшін мақтаныштымыз» деп жазды.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон болса Мосул операциясының ДАИШ-пен күресте анықтаушы роль атқаратынына назар аударды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Мосул операциясы алдында жасаған мәлімдемемен Түркияның ескертулеріне назар аударып, «Мосул операциясы шиіт күштермен емес, Ирак армиясы және жергілікті күштермен жасалуға тиісті» деген еді.

Чавушоғлу аймақтағы басшылардың әрі Ирак, әрі Сириядағы оқиғаларға мәзхабтық түсінікпен қаралуына қарсы екендерін тағы бір рет тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар